ШҚО-ның таулы аймағындағы төрт тасжолда көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірдегі автомобиль бағытындағы төрт учаскеде қыс мезгілінде тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шектеу Өскемен-Зыряновск - Рахман бұлағы автожолының Осиновск асуында, 44-тен 66 шақырымға дейінгі (Северное ауылынан Серебрянск ауылына дейін) аралықта қойылды, деп хабаралды облыстық ІІД.

Өскемен-Тарғын-Самарское тасжолының 62-145 шақырым аралығында Ұмыш асуында, Өскемен-Таулы Ульбинка-Северное тасжолының 18-60 шақырымында (Тасты Карьер ауылынан Северное ауылына дейін) және Теректі - Урунхайка - Тосқайың автожолының 7-57 шақырымында, Мраморный асуында көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Аталған барлық жол кескіндерінде «Тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады» белгісі қойылды.