ШҚО-ның Зайсан ауданында шегірткемен күреске қаражат неліктен бөлінбейді

Фото: None
ЗАЙСАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Шілікті мен Тасбастау ауылдарында шегіртке қаптап, жайылым мен бақшаны отап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша, шаруалар шегірткелермен күресе алмай әлек.Қаптаған зиянкестер жайылымның түгін қалдырмай ойран етуде. Ауыл жұртытөрт-түлігі азықсыз қалуы мүмкіндігін айтып, дабыл қағып жатыр.

«Бақшаға да, шабындыққа да түсіп жатыр. Әуелі адамғасоқтығасады. Машинаның радиаторларына ұшып, бітейді. Әбден мазамызды қашырды»,– дейді ауыл тұрғындары.

Ал Зайсан ауданының әкімдігі жәндіктерді жоюға бюджеттенқаражат неліктен бөлінбей отырғанын түсіндірді.

«Ауылдарға барып, бұл жағдайды бақылап қайттық. Дәрілеужүргізілген жоқ. Себебі, бұлар - жергілікті шегірткелер. Үйірлі де емес.Зиянкестермен күресті шаруа қожалықтары өз қаражаттары арқылы ғана жүргізеалады. Бір текше метрде 8 шегірткеден асып кетсе ғана қаражат бөлінуі мүмкін.Ал әзірше шегірткелер айтарлықтай көп емес», – дейді Зайсан ауданыауыл-шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Мұратхан Қиямазанов.