ШҚО-ның жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысы мамандық алып, аспазшы болып жұмысқа орналасты
19:52, 06 Сәуір 2012
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Гүлнұр Сиязбаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатыспай тұрып, жұмыссыз болды.
Ол 2011 жылдың 5 қыркүйегінен 5 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласында «аспазшы» мамандығы бойынша кәсіби лицейде білім алды. Оқу кезінде 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы алып тұрды.
Оқу аяқталған соң Г. Сиязбаева Абай атындағы мектептің жанындағы балалардың мектепалды кешеніне аспазшы болып жұмысқа орналастырылды, жалақысы 30 мың теңге.
Г.Сиязбаева мамандық пен жұмыс берген бұл бағдарламаға разылығын білдірді.