«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, соңғы жылдары облыста балаларды оңалту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, заманауи диагностиканы қолдана отырып балаларды мамандандырылған кешенді емдік-сауықтыру, медициналық-диагностикалық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік бейімдеу сынды көмек көрсетіледі.
«Соңғы бір жылда 6 мыңнан астам бала оңалту шараларымен, оның ішінде амбулаторлық деңгейде қамтылды. МӘМС аясында балаларды оңалтуға бөлінетін қаржы 2022 жылы біршама артып отыр. Бұл мақсаттарға 4,5 млрд теңге жұмылдырылған», - деді Ғалымжан Әбілов.
Осылайша, балаларды медициналық оңалту қызметтерімен қамту көрсеткіші өсіп, олардың қолжетімділігі артады.
Сондай-ақ алдағы уақытта Семей қаласының перинаталды орталығының базасында балаларды оңалту орталығы ашылады.
Жаңа орталықта жылына 600-700 балаға көмек көрсетіледі.