Өрт бүгін түстен кейін саяжайлық аудандағы Шешек өткеліне жақын маңда орын алған. Қураған ағаштар мен бұталар жанған. Секундына 15-20 метрге жететін ұйытқыған жел мен жер бедерінің күрделілігі өрт сөндірушілерге қиындық туғызған.
«Жақын орналасқан саяжайлық ауданға төнген қауіп-қатердің алдын алдық. Өртті ауыздықтауға барымызды салдық. Алайда кейбір жерлер бықсып жатыр. Сондықтан, ол жерден кеткен жоқпыз, өрт тұтана қалған жағдайда оны өшіру үшін бақылап отырамыз», - деді №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Павел Ларионов. Өртті ауыздықтауға 5 көлік пен бір орман техникасы, сондай-ақ жеке құрамның 20 адамы тартылды.
Өрттің себебі анықталуда.