ШҚО өзендерінде қабыршақ мұз жинала бастады
12:50, 08 Желтоқсан 2015
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО өзендерінде жинала бастаған қабыршақ мұздың ауқымы көбейіп барады.
Ауа температурасының әсерінен ШҚО өзендерінде қалқыма мұз жинақтала бастады. Бұл мұздың көшуіне, су деңгейінің күрт төмендеп не артуына, судың тасуына әкелуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидрометке» сілтеме жасап ТЖ департаменті.
Қабыршақ мұз су қататындай температура кезінде су ағындары мен су қоймаларында қалыптасады. Ол гидротехникалық құрылғыларды пайдаланған кезде су алу орнын бітеп, елеулі қиындықтар тудырады.