ШҚО өзендерінде мұз бөгелістері, тасқындар мен су басулар болу мүмкін - 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы
деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, түнде Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Жамбыл облысында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін болады.
Жақын тәуліктерде Орал (БҚО бойынша), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз құрсауының одан әрі көбесінің сөгілуі мен еруі күтіледі.
ШҚО өзендері мен бұлақтарында мұз еріп, сең жүруі, беткейлік ағындардың, мұз бөгелістерінің құрылуы, тасқындар мен су басулардың орын алу мүмкіндігі зор. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.