ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3 наурыз күні Үбе өзеніндегі көпір тұсында мұз жарылды. Алдағы уақытта осындай шараларды Жоғарғы-Үбе және Убинка ауылдарында жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Шемонаиха аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.