ШҚО полициясы екі рет мал ұрлаған барымташыны ұстады
«Сайлау» шаруа қожалығы иесінің бірнеше күнге қалаға кеткені және шалғайдағы «Майбас» жайылымында оның жоқ екенін білген жас мал ұрысы оңтайлы жағдайды пайдаланып қалуға ұйғарды. Жайылымға шыққан ол әуелі 8 қойды, содан кейін екі күн өткен соң бәрі тыныш екеніне көз жеткізіп, тағы 9 қойды ұрлап әкетті», - деп баяндайды полиция қызметкері Дәулет Садықов.
Үйіне оралып, қойларының жоғалғанын анықтаған шаруа қожалығының 51 жастағы иесі полицияға өтініш жазды. Келтірілген шығын 950 мың теңгені құрады.
Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды, ол мойындау түсініктерін беріп те үлгерді. Оның ешқайда жұмыс істемейтіні, бұрын сотталмағаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, оған сәйкес ол 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.