ШҚО полицейлері биыл қарызы бар 50-ден астам борышкерді тапты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан бері қарызы бар 50-ден астам борышкерді тапты.

Фото: Астана әкімдігі

Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімшелеріне қарызды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздеуге жариялау туралы жеке сот орындаушыларынан қаулылар келіп түсті. 

Мәселен, жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мамандар 61 жастағы әйел адамның орналасқан жерін анықтады. Ол 2025 жылдың наурыз айынан бері қала тұрғыны алдындағы 4 миллион теңгеден астам қарызын өтемеген.

- Сондай-ақ полиция қызметкерлері алимент төлемеген 34 жастағы ер адамды тапты. Ол екі кәмелетке толмаған баласын асырау бойынша міндеттемелерін ұзақ уақыт орындамай келген. Осылайша, қарыз көлемі 4 200 000 теңгеге жеткен. Азамат 2026 жылдың ақпан айынан бері іздеуде болған. Енді екі борышкерден де қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен. 

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 50-ден астам борышкерді анықтаған. 

Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда борышкерлерден 129 млн теңгеден астам қаражат өндірілгені хабарланған. https://kaz.inform.kz/news/mangistauda-borishkerlerden-129mln-tengeden-astam-karazhat-ondrld-1bb1cd52