Болат Нұрсейітов 1976 жылғы 3 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1996 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын Қостанай облысы бойынша МТКБ кезекші бөлімінің кезекші көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейін әртүрлі жедел және басшылық қызметтерді атқарды.
2004 жылы Павлодар облысы ІІБ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметін атқарды. Ал бір жылдан кейін аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімін басқарды.
2009 жылдан бастап Павлодар қаласы ІІБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдан қалалық басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары ҚР ІІМ орталық аппаратында Криминалдық полиция департаментінің жеке адамға қарсы аса ауыр қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасында қызмет атқарды.
2018-2022 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы полиция басқармасының 1-полиция бөлімін басқарды.
2022 жылдың ақпан айынан Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болды. 2025 жылдан бастап осыған дейін Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
Еске салайық, осыған дейін Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалғанын хабарланғанбыз.