Өткен аптада кездейсоқ жолаушылар Мамай батыр ауылының жанындағы құрғап қалған суатқа жақын маңдағы үлкен көлемде қырылған балықтарды телефонға түсіріп, ғаламторға салған болатын.
«Көлдегі су деңгейін жергілікті коммуналдық кәсіпорын жасанды түрде түсіргеннен, ол ең төменгі көрсеткішке дейін жеткен. Сондықтан тоғандағы балықтар қырыла бастаған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл жағдайдан 2 миллион теңге көлемінде шығын келген», делінеді облыстық прокуратураның ақпараттық мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта төтенше оқиғаны жан-жақты тексеру жүріп жатыр.