ШҚО прокуратурасы өз қамқорлығындағы тәрбиеленушілерге сыйлық табыстады

ӨСКЕМЕН. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Балаларды қорғау күні мерекесінде жетім балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, мүгедек-балаға велосипед, киім-кешек, үстел

ойындары мен әртүрлі тәттілер сияқты заттарды сыйлыққа табыс етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды қолдау бойынша кешенді жоспар бекітілді. Бұл құжатқа сәйкес кәсіпорындар жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету міндеттерін бөліп алды. Облыстық бақылау органының қызметкерлері ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім-балаларға арналған әртүрлі интернат мекемелеріндегі 11 тәрбиеленушіге демеу көрсетеді.

Айта кеткен жөн, балаларға мұндай көмек әрдайым жасалып тұрады.