АСТАНА. KAZINFORM - Алтай ауданында 2 ер адам мен 2011 жылы туған бір бала Бұқтырма су қоймасындағы Гусинный аралына резеңке қайықпен жүзіп, қатты жел мен үлкен толқындардың салдарынан жағаға орала алмаqй қалған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға шығарып, құтқарды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ тәуліктің қараңғы уақытында, ауа-райының қолайсыздығы мен дауылды ескертулерде қайықта суға айдынына шықпауды сұрайды.
Айта кетейік, осы күндері Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2024» құтқару бөлімшелерінің республикалық жиналыс-семинары өтіп жатыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.