ШҚО сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып Асхат Сағидолдин тағайындалды.
Асхат Сағидолдин 1979 жылы дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлегі. 2000-2004 жылдар аралығында білім саласында жұмыс істеген.
2004-2011 жылдары ішкі істер органдарында қызмет етті.
2011-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2014-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы,
2015-2017 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.
2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясының қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы.
2017-2018 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясының қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу бөлімінің бас инспекторы.
2018-2021 жылдары - Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2021-2022 жылдары - Риддер қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2023 жылдан осы уақытқа дейін Абай облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.
Еске салсақ, осыған дейін Серік Жеңісов ШҚО Самар ауданының әкімі болып тағайындалғаны хабарланған.