Қайғылы оқиға KAZ Mineralsқа қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болған.
«2019 жылдың 17 шілдесінде сағат 20:00 шамасында «Samid»ЖШС шахта аумағында жару жұмыстары атқарылған.Осы кезде аталмыш мердігер ұйымныңқызметкері жарылыстан зардап шегіп, қаза тапты. Оқиға орнындағы барлық жұмыстартоқтатылды. Келеңсіз жайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеукомиссиясы құрылды», - дейді KAZ Minerals тобының Шығыс Қазақстан облысыбойынша бұқарамен байланыс менеджері Ермек Дүзкенов.
Еске салсақ, өткен аптада аталмыш кәсіпорынның Орловшахтасында да бір адам көз жұмған болатын.