«Шығыс Қазақстан облысының шаруаларына көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін 20 мың тонна дизель отынын бөлу көзделген. Берілген өтінімдерге сәйкес шаруалардың атына дизель отынын тиеп-жөнелту көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде бекітілген жоспардан 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді», - деді Алмасадам Сәтқалиев кездесуде сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, облыс шаруаларының өтінімдері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, егін жинау науқанына дизель отынын бөлу көлемі бекітілді, ол – 8,5 мың тонна.