ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір шекарасына қойылған санитарлық бекеттердің жұмысы тоқтатылды.
«11 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы, Қарағанды облыстары жағынан қойылған санитарлық бекеттер алынды. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу пункттерінде кіріп-шығуды бақылайтын 4 санитарлық бекеттің жұмысы ары қарай жалғасады», - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылған болатын.