ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 6 гектарды шарпыған дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 қыркүйек күні Шемонаиха ауданында шөп өртенген. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 6 гектарды құраған. Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Өртті өшіруге жеке құрамнан 4 адам мен 1 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері өңір бойынша 243 шөп жануы тіркелді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.