ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Рауан Жампеисов Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Рауан Асылханұлы Жампеисов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Глубокое ауданында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму және ішкі саясат басқармаларында басшының орынбасары, Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.
2026 жылдың шілдесінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Бұдан бұрын Астананың Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазғанбыз.
Ботакөз Кенжеханқызы
2018 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы Ұлан аудандық «Көктау нұры» газетінде бастады. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газеті мен Buqara.kz сайтында тілші, Amanzholov University баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.