ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру» жобасы бойынша 2 мыңнан астам шара өткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова мәлім етті.
«2017-2019 жылдар аралығында өңірімізде латын әліпбиін насихаттау мақсатында 2 мыңнан астам шара өтіп, оған 141 мың адам қатысқан. 14 мұғалім Нұр-Сұлтан қаласында қайта даярлаудан өтті. Өткен жылы жаңа әліпбидің емле-ережелерін оқытуға арналған 36 сағаттық бағдарлама негізінде ұйымдастырылған арнайы курстар 692 адамды қамтыды» - дейді ол.
Сондай-ақ Абайдың 175 жылдығы қарсаңында «Жаңа әліпбимен Абайды оқы» шарасы өтіп, студенттер ақын мұраларын латын қарпінде жазып, оқыған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.