Соттардың пилоттық жоба шеңберіндегі қызметі - туындаған дауды сотқа дейін татуластыру жолымен шешу. Бұл үшін татуластыру рәсімін өткізуге арналған кабинеттер ашылды. Бұл бөлмелер әдемі жиһазбен жабдықталған әрі адамдардың жайғасып отырып, емін-еркін әңгімелесуіне қолайлы. Мұнда білікті психолог жанжалдасып қалған адамдармен әңгіме өткізіп, оларға дауды сот тәртібімен шешудің психологиялық салдары балаларға ауыр тиетіні жөнінде түсіндіреді.
«Отбасылық сот» қызметінің нәтижесінде өңірде 270 отбасыны ажырасудан сақтап қалудың сәті түсті.