ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 9,6% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 27 адам тіркелді.
Оның ішіндегі 24 науқаста симптом бар болса, 3 адам сырқатты симптомсыз өткеріп жатыр.
Вирусқа шалдыққандардың ең көбі – Өскеменде (17 адам). Сондай-ақ Семейде 7, Ұлан ауданында 2, Катонқарағай ауданында 1 тұрғын коронавирус жұқтырды.
«Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 199 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыстағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 9,6% құрайды», - делінген ақпаратта.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.