ШҚО стационарларында 361 науқас коронавирустан емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 361 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 36 адам тіркелді. Оның ішіндегі 30 науқаста симптом бар болса, 6 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 23 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 26 адам үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 361 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 17,4 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1311 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.