ШҚО студенттер КТК командасының әзілдері жазасын өтеушілерден осал болды (ФОТО)
Еске сала кетсек, бұдан бұрын да ОВ-156/3 жалпы режімдегі түзету мекемесінің «Спарта» КТК командасы облыс орталығының КТК командасын жеңген еді. «Тапқырлар өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Бұл жолы «Спартаның» әзілдері Өскеменнің жастар құрамасының әзілдерінен асып түсті. Жастар құрамасы негізінен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінен жасақталған», - деп атап өтті ОВ-156/3 түзету мекемесі бастығының орынбасары Айдын Бөкешев.
«Әр ойынға жазасын өтеушілер тиянақты дайындалады. Қыс мезгілінде 15 отряд ішінде алдын ала іріктеу бәсекесі ұйымдастырылды. Оның нәтижесі бойынша үздік ойыншылар құрама командаға топтастырылды. Темір тордың ар жағындағылар костюмдерді өздері тігіп, декорацияны да өздері құрастырды», - деп қосты А. Бөкешев.