ШҚО су қоймаларында жиі болатын жылымықтың салдарынан қайғылы оқиғалардың қаупі туындауда

ӨСКЕМЕН. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның су қоймаларында жиі болатын жылымықтың салдарынан жұқарған мұз өңірде қауіп тудыруда.

Құтқарушылар туындап отырған қауіп жөнінде әсіресе балықшыларды ескертуде. Олар мұздың қалыңдығы бір адам үшін кем дегенде 10 см болуы керектігін айтуда.