ШҚО тасжолында жалғыз қонжық жүр

Фото: pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Өскемен – Риддер трассасында жүргізуші жол жиегіне дейін жақындап келген қонжықты көрген, деп хабарлайды Kazinform.

Әуесқой түсірілімде кішкентай жыртқыштың жолға шығып, артынша орманға қарай жүгіріп кеткені анық көрінеді. Қонжығының жанында басқа аюлар болмаған.

Мамандардың айтуынша, күздің соңында қонжықтың жалғыз жүруі – алаңдатарлық жағдай.

— Бізге бұл жөнінде ешқандай шақыру түскен жоқ, бірақ бұл ахуалды назарда ұстаймыз. Егер қонжық анасыз қалған болса, оны қолға түсіруге тура келеді. Бұрын Риддерден табылған қонжық сияқты, зообақпен келісіп, сонда жеткізу қажет болады. Өйткені ол табиғатта жалғыз өзі өмір сүре алмайды, - деді ШҚО орман шаруашылығының жедел жасағы.

Ведомство мамандары аюдың әлі қыстауға кетпегеніне алаңдаудың қажет еместігін айтады.

— Күнтізбе бойынша әлі күз, қар жауса да. Аюлар май жинап үлгеруі мүмкін, олар өз биологиялық тәртібімен өмір сүреді. Қиыны – қонжықтың жалғыз жүруі. Ол жас, бұл кезеңде ол анасының бақылауында болуы керек. Демек, аюға бірнәрсе болған. Аю ұйықтап қалып, қонжықтың іннен қашып шығуы мүмкін емес, — деп түсіндірді жедел жасақ өкілдері.

Қазір мамандар қонжық байқалған аумақ туралы ақпарат жинап жатыр. Орман қорғаушылар кез келген жабайы аңның жол маңында пайда болуы олардың да, адамдардың да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салады.

Бұған дейін Риддерде табылған қонжықтың Өскемен зообағына жеткізілгені хабарланған