ШҚО таулы жерлерінде 13 ақпанға дейін қар көшкіні қаупі сақталады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 13 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс бойынша 11-13 ақпан аралығында таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.