ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға ескерту жасады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысында биыл 12 балкон өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көп жағдайда тілсіз жаудың шығуы – отты абайсыз қолдану себеп болуда.

«Тәжірибе көрсеткендей, егер өртті бастапқы кезінде өшірмесе, онда ол пәтерге ғана емес, көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына да таралады. Сондай-ақ балкондағы жеңіл жанатын заттардың сақталуы оттың шығуына әкеліп соғады. Онда көбінесе дөңгелектері жоқ велосипед, сынған жиһаз, киім-кешек және тағы да басқа заттар жатады. Сондықтан балконнан тез жанатын материалдардан жасалған заттарды алып тастаған жөн», - делінген ақпаратта.

Жаңа жыл мерекесінде балкондардағы өрт жиілей түседі. Бұған сапасыз отшашулар мен азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамай балконға шығып пиротехника қолдануы себеп.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір бойынша 12 балкон өртеніп кеткен.


Соңғы жаңалықтар