ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері түнде қар құрсауында қалған азаматтарды құтқарды

None
СЕМЕЙ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері түнде қар құрсауында қалған азаматтарды құтқарды.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ақпанның 23-інде таңертең облыстың түрлі аумақтарында екі бригада қар құрсауында қалған азаматтарды құтқарды.

Тарбағатай ауданындағы Түйебас учаскесінде таңғы сағат бесте ПЧ-59 бөлімшесінің қызметкерлері қар құрсауынан 4 адамды құтқарды, олардың ішінде біреуі - сәби.

Арада бір сағат өткеннен кейін құтқарушылар Көкпекті ауданының «Байбура» учаскесінде қар құрсауында қалған бір топ адамға қол ұшын берді. Барлық 20 адам аман-сау бой жылыту пунктіне жеткізілді.