ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүк көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен ресейлік жүргізушіге көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Өскемен-Семей» тасжолындағы Бұлақ ауылының маңында болған.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, нақты айтсақ дауылды желден «ДАФ» маркалы жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Көлік тізгінінде отырған Ресей Федерациясының 55 жастағы азаматы болып шықты. Ол Өскеменнен Семейге қарай келе жатқан», - делінген хабарламада.
Полиция капитаны Н.Матайбаев және аға лейтенант Қ.Әзитай бірден жүргізушіге көмекке келді. Олар «ДАФ» көлігін басқа жүк көлігінің көмегімен қайтадан жолға шығарды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.