Тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында Бұқтырма су қоймасы учаскелерінің бірінің жағасында «ВАЗ-2121» автокөлігін тоқтатты.
Анықталғандай, көлік тізгініндегі 44 жастағы жергілікті тұрғын тірі шаянды заңсыз тасымалдаған.
«Көліктен 10 қапқа салынған жалпы салмағы 230 келіден асатын тірі шаян табылды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері 1 452 000 теңгені құрайды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жауап алу кезінде ер адам шаянды белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оны көлікке тиеп, сату үшін Өскемен қаласына жолға шықпақ болғанын жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.