ШҚО тұрғындары МӘМС аясында медициналық көмекке жиі жүгіне бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС аясында медициналық көмекке жиі жүгіне бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр өңір халқы сырқаттанып, емханаларда 4,4 млн рет ем қабылдаған.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны бір жылда 55% артып отыр.

«Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 143 мың, күндізгі стационарларда 70 мың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде 165 мыңнан астам науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде облыс бойынша МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың ішінде жеке меншік – 46, мемлекеттік – 61», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, азаматтар МӘМС жүйесі туралы қандай да бір сауалдары болса қордың fms.kz ресми сайтына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына және 1406 байланыс орталығына жүгіне алады.