Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған екі күнде күн күрт жылынып, жауын жауады.
«Ауа температурасының жоғарылауы сақталатындықтан және жауын-шашынға байланысты ШҚО аумағында 17-19 наурыз аралығында қар жамылғысының жылдам еруі және мұз көбесінің сөгілуі болжанады. Осы ретте тұрғындарға тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, биыл өңір бойынша 1 миллионға жуық текше метр қар шығарылған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы 108 елді мекенді су басу қаупі туралы хабарланды.