ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету көрсеткіші 97 пайызды құрап отыр.
Облыстың теміржол тұйықтарында 17 мың тонна көмір бар.
Жыл сайынғы көмір кезегіндегі дүрбелеңді болдырмас үшін тұйықжолдардың саны ұлғайтылып отыр.
Көмір тоннасының құны 11 900 теңгеден 17 000 теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр.
«Халыққа барлығы 451,7 мың тонна көмір жеткізілген. Жалпы, жылыту кезеңінің соңына дейін Шығыс Қазақстанда көмірге сұраныс 2 млн 715 мың тоннаны құраса, оның басым бөлігі жылу көздеріне тиесілі. Жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерінде де қатты отын қоры жеткілікті», - дейді басқарманың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Сүлейменов.