ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі ірі кәсіпорындардағы шығарындылар туралы ақпаратты онлайн режимде беріп отыратын датчиктер орнату жоспарланған.
Соның нәтижесінде тұрғындар ауаға шығарылатын зиянды заттар туралы ақпаратты интернетте өз бетінше бақылай алады.
«Жаңа экологиялық кодекске сәйкес, бірінші санаттағы барлық ірі субъектілер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз құбырларында экологиялық бақылау жүйесін енгізуге міндетті. Халық әр құбырдағы шығарындылар туралы ақпаратты смартфонмен онлайн режимде көре алады. Егер зиянды шығарындылар рұқсат етілген шектен асып кетсе, кәсіпорын тиісті шара қолдануға міндеттеледі», - дейді департамент басшысы Данияр Әлиев.
Сондай-ақ датчиктер ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті әкімдікке жолдап отырады.