ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінгі күні өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Денсаулық сақтау нысандары - 79%, білім беру нысандары - 76%, әлеуметтік қорғау нысандары - 82%, тұрғын үйлер - 63% дайын.
Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын отынмен қамтуға баса назар аударылуда.
Облыстағы ЖЭО мен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі.
Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры - 132,1 мың тонна. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген.
Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мың тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді.
19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін бір тонна көмірдің орташа бағасы - 12 500 теңге.
Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда.