ШҚО тұрғындарынан үлескер ретінде қаражат тартуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жарияланды
ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, заң бойынша құрылыс компаниясы үлескерлерді белгілі бір рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана тарта алады. Алайда кейбір компаниялар азаматтардың ақшасын заңсыз әдіспен алып жатады. Атап айтқанда, ақшаны пәтерді «брондау» үшін алдын ала төлем түрінде сұрайды.
«Егер олар осылай қаражат жинайтын компанияға ақшаны үлестік құрылысқа рұқсаттың бар-жоғы туралы алаңдамай сеніп тапсырса, болашақта бұл инвестицияларын қайтару қиын немесе тіпті мүмкін емес болып қалу қаупі бар», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, ведомство өкілдері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ компаниялар мен көпқабатты үйлердің тізімін жариялады:
1. «Аvenue» ТК - «OskemenBuild»ЖШС;
2. «Deluxe Town» ТК - «Дейнека»ЖШС;
3. «Хан сарай» ТК «Дейнека» ЖШС
4. «Аstoria» ТК - «Дейнека» ЖШС;
5. «Sana» ТК - «Asiljolgroup»ЖШС;
6. «V Club» ТК - «Элитконструкция» ЖШС;
7. Тоқтаров көшесіндегі көппәтерлі үй, 40 - «Resort» ЖШС;
8. «DOSTAR CITY» ТК - «Бергштейн» ЖШС;
9. Өтепов көшесінде 6 қабатты үй - «ЖБК» ЖШС;
10. Уәлиев көшесі, 19- «Алаш-Құрылыс» ЖШС;
11. «KRILOVA» ТК Шелинговский Б;
12. Қ. Сәтбаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы - «Технология комфорт» ЖШС;
13. Уәлиев көшесі, 19 бойынша көпқабатты үй - «155» ЖШС;
14. «Altyn Orda» ТК - «АLTAY INVEST STROY»ЖШС;
15. «Emeralds» ТК - «КазР-Техно» ЖШС;
16. «Renesans» ТК - «Elit Stroy Group» ЖШС;
17. 45а позициялы көп абатты тұрғын үй құрылысы - «Терезе» ЖШС;
18. «Park Line» ТК - «Elit Stroy Group» ЖШС;
19. «Ab-Residence» ТК - «Stroy Invest Capital» ЖШС («Asyl Bosaga»ЖШС) ;
20. «Grand Avenue» ТК - «Жануя Инвест»ЖШС;
21. «Grand Residence» ТК - «Mrs Company» ЖШС («Dala SK» ЖШС) ;
22. «Ray Residence» ТК - «DALA SK» ЖШС;
23. №19 шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үй - «Орда Трейдинг» ЖШС;
24. «Townhouse» ТК- Әлімжанова А. А;
25. «Brick town»ТК - «UK Building Ltd» ЖШС;
26. «Кристалл» ТК - «ВВД-Құрылыс»ЖШС;
27.«Townhouse» ТК - Жұмажанов. Е.С;
28. «Оазис» ТК - «Selam KZ» ЖШС.