ШҚО тұрғыны марқұм атасының үш қаруын тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аймақтағы полиция департаментіне марқұм атасының үш қаруын тапсырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай аудандық полиция бөліміне 27 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны акция аясында өз еркімен тіркелмеген үш қару - 32 калибрлі ТОЗ-32 маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтық және 5,6 калибрлі ТОЗ-8 маркалы ойық ұңғылы мылтықты тапсырды. Ер азамат бұлардың барлығы өзінің марқұм атасынан қалғанын айтты. Барлық қару-жарақтың жағдайы жақсы және атуға жарамды. Төлемдердің алдын ала сомасы шамамен 280 мың теңгені құрайды», - деп жазды ведомстводан.