ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов «Алматы – Өскемен» тасжолының 25 шақырымында «Mitsubishi» автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 45 жастағы ер адам болды.
«Тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 66 келіні құрайтын 5 қап шаян табылды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері – 230 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тиісті құжаттары жоқ жүргізуші шаянды Ұлан ауданындағы Шыбындыкөлден жеке тұтыну үшін аулағанын жеткізген. Жиналған материалдар Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына жолданды.