ШҚО Зайсан ауданында қамыс өртеніп жатыр

Фото: Фото: Pexels

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО Зайсан ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері өртеніп жатқан қамыс пен құрғақ шөпті өшіруге барын салып жптыр. 

— ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр. Өрт тұтанған ошақ жету қиын ашық батпақты жерде орналасқан. ТЖМ мен орманшылардың күштері бар мүмкіндігін салып, күресіп жатыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Мәлім болғандай, желдің екпіні 19-20 м/с жететіндіктен, жаңдай күрделеніп отыр.