Республиканың батысы мен оңтүстігінде күн райы ашық әрі ыстық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, сондай-ақ Қостанай облысының кей аумақтарында қатты ыстық болады деп күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.