ШҚО жастар құрамасының жаттықтырушысы Валентин Долматов РФ ТЖМ басшысының «Құтқару ісін насихаттағаны үшін» медалімен марапатталды

ӨСКЕМЕН. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен «Қауіпсіздік мектебі» халықаралық жарысында 3-ші орынға ие болған ШҚО командасының жаттықтырушысы Валентин Долматов РФ ТЖМ басшысының «Құтқару ісін насихаттағаны үшін» медалімен марапатталды.

Осындай награданы бұл жарыстың бес қатысушысы ғана иеленді.

Жарыстарға әлімнің 11 елінен келген командалар қатысты. Бірінші орынды Ресей командасы жеңіп алса, екіншіні - Украина, үшіншіні - Қазақстан иеленді.

«Жарыс бойы Беларусь командасынан 1,56 ұпайға қалып қойып, төртінші болғанбыз. Бірақ соңғы кезеңдегі табысты шығуымыздың арқасында олардан 7,5 ұпайға алға шықтық», - дейді ШҚО командасының командирі Павел Бочаров.

Өскемен ТЖ басқармасының бастығы Нұржан Райымовтың айтуынша, «Осындай нәтиже заңды болды. Балалар ұзақ уақыт қайраттанып еңбектенді. Командамыз ынтымақтасып, бір бүтінге айналды. Жүлдегер атануға дәл осы ынтымақтастық көмектесті».