ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының жастары Қазақстан тауына көтеріліп, әнұран щырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шараны Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырып отыр. Патриоттық акцияға өңір волонтерлері де қосылған.
Жалпы өңір бойынша Мемлекеттік рәміздер күніне орай мыңнан астам адам қамтылған іс-шаралар онлайн өткізілді.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Өскемендегі Қазақстан тауының бөктерінен Мемлекеттік ту мен Елтаңба бейнеленген алып шар ұшырылды. Бұдан бөлек, Ертіс өзенінің бойында 40 Ту ілінген қайық шеруі өткізілді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.