ШҚО жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы жолдарда тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметіне қарағанда, бүгін таңертеңнен бастап Глубокое мен Шемонаиха жолының 16-102 шақырымында жүк көліктеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Сонымен қатар, боран салдарынан «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 108-123 шақырымы аралығындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасына дейінгі жол да жабық тұр.