Шілдеде Қытайдың сыртқы сауда көлемі 19,2%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың 2026 жылғы шілдедегі импорт және экспорттың жалпы көлемі юаньмен есептегенде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға артты, деп хабарлайды Синьхуа .

Фото: Синьхуа

Бұл туралы Қытайдың Бас кеден басқармасы жариялаған мәліметтерде айтылған.

Есепті айда елдің сыртқы сауда айналымы 4,66 трлн юаньға (шамамен 686,3 млрд АҚШ доллары) жетті. Осылайша бұл көрсеткіш бесінші ай қатарынан 4 трлн юаньнан жоғары деңгейде сақталды.

Шілде айында экспорт көлемі жылдық есеппен 17,8%-ға, ал импорт 21,2%-ға өсті.

Жыл басынан бері, яғни қаңтар–шілде аралығында Қытайдың тауар айналымы 30,13 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік роботтар мен 3D-принтерлерді қоса алғанда, жоғары технологиялық өнім экспорты шілдеде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астамға өсті. Бұл бірінші жартыжылдықтағы 39%-дық өсімнен де жоғары көрсеткіш болды.

Айта кетелік Қытайдың электр көліктері экспорты 120%-ға артты