Шілденің алғашқы күндері ыстық басылып, нөсер жауын жауады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 

Фото: Pexels

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді.

Соның салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде негізінен күн ашық, жауын-шашын жаумайды. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста 28 35°С дейін, солтүстікте 20 28°С дейін, орталықта 22 33°С дейін, оңтүстік-шығыста 27 36°С дейін, оңтүстікте 33 38°С дейін біртіндеп жоғарылайды.  

Еліміздің батысында 35 42°С дейін қатты ыстық болады.