Бұл туралы бүгін Алматыда «IV Тәліпов оқулары»аясындаөтіп жатқан «Ш.Ш. Уәлихановтың Орталық Азия тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі» деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда айтылды.
«Химияны Менделеев кестесінсіз ешкім шеше алмайды. Сол сияқты Орталық Азияның ғылымы Шоқан Уәлихановсыз алға баса алмайды. Қай саланы алып қарасақ та. Ол барлық салада әмбебап болған. Шоқантануда оның атына экономист, жазушы, журналист, тілші, тарихшы, этнограф деген сияқты барлық атауды тіркеп жаза беруге болады», - дейді экономист, жазушы Әбен Алдабергенұлы. Оның айтуынша, елімізде Шоқан Уәлихановты зерттеу әлі өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Зерттеушілер оның тереңіне сүңги алмай жүр.