Шоқан Уәлихановтың зерттеушіліктен басқа қырларын жұрт біле бермейді - Нұрманов

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. Басқосуда әйгілі зерттеушінің өзге де қырлары айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шоқанның мол мұрасын елге ерекше дәріптептеп жүрген Шанханай ауылында орналасқан зерттеуші атындағы мемориалдық музей. Онда келгендер саяхатшының сапарлары жайлы құлағдар болып, жеке бұйымдарымен танысады. Дәл осы музейден екі шақырым жерде тұлғаның бейіті бар. Кезекті сапарынан ауыр сырқаттанған жас ғалым Матай тауының етегінде сәуір айында қайтыс болған.

Саяхатшының қысқа ғұмырын біліп, шығармашылығын танысамын деген жұрт алдымен бейіт басына барып, құран бағыштайды. Жотадағы терең ойға шомып тұрған ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Шоқантанушы ғалымдар Уәлихановтың мұрасы мол екендігін алға тартады. Ал оның зерттеушіліктен басқа да қырларын жұрт әлі көп біле бермейді, дейді профессор Әбен Нұрманов.

Оның айтуынша Шоқан Уәлиханов тәрбие мен педагогикаға үлес қосты. Публицистикалық материалдар жазу арқылы журналистік қыры танылды. Ал Семей мен Ташкенттің, Қытай мен Ресейдің нарық бағаларын сұрастырып, салыстырып, ақпарат жинауы оның менеджерлік, маркетологтық қасиеттерін көрсетеді.

Биыл жазда үш мемлекет аумағын қамтитын «Шоқан ізімен» атты ауқымды экспедиция жолға шығады. Шоқантанушы ғалымдар, республикалық БАҚ өкілдері және блогерлер Шоқанның жүрген ізімен жүріп өтіп, Қырғызстан, Қытайдың Қажғар қаласына дейін жетіп, сол  жақтан зерттеуші туралы тың мағлұматтар мен деректер жинап қайтпақ.