Шоколад магнаты Микеле Ферреро өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең дәулетті италиялықтардың бірі, шоколад, Nutella шоколады пастасын және өзге де кондитерлік өнімдерді өндіретін Ferrero компаниясының иесі Микеле Ферреро 89 жасында сенбі күні қаза тапты, делінген компания хабарламасында.

Белгілі кәсіпкер Монте-Карлодағы үйінде ажал құшты. Осыған дейін бірнеше ай ауырған, деп хабарлады Росбалт.

Ferrero корпорациясы оның немересінің қолына көшті. Өйткені 2011 жылы Микеленің ұлы Пьетро Оңтүстік Африкада қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан.